Жұмыс сұрап шыққан: Жаңаөзенде 17 адам ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұмыс сұрап шыққан: Жаңаөзенде 17 адам ұсталды видео кадры

Жаңаөзенде наразылық білдірушілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзенде наразылық білдірушілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

10 мамырда жаңаөзендік жұмыссыз тұрғындар өз талаптарын ортаға салу үшін тағы да әкімдікке жиналды. Өңірдің Полиция департаменті 17 заңбұзушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады.

10 мамырда әлеуметтік желіде полицияның адам көп жиналған жерге келген сәті түсірілген видео пайда болды.

"Полиция мен Арнайы жедел әрекет ету отряды Жаңаөзен әкімдігіне жеткізілді, видео авторының айтуынша, тәртіп сақшылары наразылық білдірушілерді - жұмыссыздарды ұстамақ. Жаңаөзендік жұмыссыз тұрғындар екі айға жуық уақыттан бері қала әкімдігіне жұмыс беруді талап етіп, пикетке шықты. Бүгін билік жұмыссыздарды ұстауды ұйғарыпты. Адамдар қолдау сұрап жатыр", - делінген видео астында.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Құқық бұзушылармен прокуратура және әкімдік қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ескертуге қарамастан, жиналғандар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабын бұза отырып ("Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу") наразылық акциясын өткізетіндерін мәлімдеді. Полиция қызметкерлері 17 құқық бұзушыны полиция басқармасына жеткізіп, олармен профилактикалық әңгіме жүргізді. Кейін олар үйге жіберілді", - деді аймақ полициясы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети