11 қаңтар 2023 | 09:08

Жұмыс іздеп, Дубайға кеткен екі қазақстандық із-түзсіз жоғалып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұмыс іздеп, Дубайға кеткен екі қазақстандық жігіттен жақындары екі аптадан бері хабар ала алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жұмыс іздеп, Дубайға кеткен екі қазақстандық жігіттен жақындары екі аптадан бері хабар ала алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Исламбек Қазыбеков пен Жарас Сейіткәрім жаңа жылдың алдында белгісіз адамдардың айтуымен, Тайландқа ауысқанын айтқан. Кейін достарына жіберген соңғы хабарламада Таиланд, Лаос, Мьянма елдерімен шектесетін "Золотой треугольник" деген жерде алданып қалғандарын жеткізген. Содан бері хабар жоқ.

Исламбек Қазыбеков -Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының тумасы. Шығыстанушы мамандығын бітіре сала, шет елдерді аралап, көп тіл білуге құлшынған. Былтыр 8 қыркүйекте 25 жастағы жігіт Дубайға демалуға кетіп, артынша сонда қытайлық компанияға жұмысқа орналасып, тұрақтап қалған. Отбасына апта сайын хабар жеткізетін ол 27-желтоқсанда соңғы рет қызы мен достарына хабарласып, түсініксіз жәйттарды ескертіп үлгерген.

"Соны жіберген кезде мен геолокацияны көріп қойдым. Сосын соның расшифровкасын аштырдым. Сонда остров Мьянма деп тұрды. Мен содан күдіктендім. Ол даже Тайландқа кеткен күнде де остров Мьянмада не істеп жүр? Неге өшіп қалады? Негізі тірі деп ойлаймын. Бұларға компания ақша төлемей қалды ма деп тұрмын. Оларды қамап, ұстап отыр күштеп немесе желі, интернет жоқ жерге апарған", - дейді И.Қазыбековтің анасы Мереке Қазыбекова.

Исламбекпен Тайландтың астанасына 23 жастағы Жарас Сейіткәрім жеткен. Ол да қыркүйекте Дубайға нәпақа табу мақсатында кеткен.

"Біз Дубайда екен деп ойлап жүрдік. Ақша салмады, жұмыс болмай жатыр деп. 28-желтоқсанда сағат 4-терде сөйлестім. Бәрі жақсы, папа, 1-2 күнде билет алып қайтамын деді. Аэропортқа барғанда ақша салып жібересіздер деді. Жарайды дедім содан байланыс болмады. Местоположениесін жіберген онда бір арал екен. Оны білмейміз. Енді баламды тауып берсін", – дейді Ж.Сейіткәрімнің әкесі Талғатбек Шәріпов.

"Исламбек менің баламның видеосын салып үлгерген. Біз Бангкоктан өтіп бара жатырмыз. Бірақ бұл жер маған ұнап тұрған жоқ. Өйткені біздің айлығымызды бермей жатыр. Бізді алдап алып келді. Ең соңғы хабарласқанда балалардың паспортын алып қойған. Мен күндіз де, түнде де ұйықтаған жоқпын. Өйткені бұған біреулердің қатысы бар деп ойлаймын", - дейді Ж.Сейіткәрімнің анасы Роза Әділбекова.

Ата-аналардың айтуынша, Дубайдың көші-қон қызметі көмек көрсетуден бас тартқан. Олар жоғалғандардың туыстарында жоқ төлқұжаттарының көшірмелерін сұраған. Өткен аптада олар Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне арызданған, оларға көмектесіміз депті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети