Жұмысқа шығып, жоғалып кеткен: Павлодарда кәсіпкер өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұмысқа шығып, жоғалып кеткен: Павлодарда кәсіпкер өлі табылды Фото: Павлодар облысы ПД

Павлодар полицейлері жұмысқа жеке көлігімен шығып, жоғалып кеткен 52 жастағы кәсіпкердің өлімін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар полицейлері жұмысқа жеке көлігімен шығып, жоғалып кеткен 52 жастағы кәсіпкердің өлімін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәсіпкерді іздеу бір күннен аса уақытқа созылған.

"Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын хабар-ошарсыз кеткен қала тұрғынының мәйітін тапты. "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамды анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Полиция департаменті өкілі тергеу барысында болған оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталатынын айтты.

Кәсіпкер жоғалып кеткенін полицияға туыстары хабарлаған.

"Ер адамның жеке кәсібі бар. Кейбір мәліметтерге сәйкес ол серігімен кездесуі керек еді. Кездесу өтті ме, жоқ па, оны анықтау мүмкін болмады", - деді Павлодардың "VITA" іздеу жасағының еріктілері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети