“Жұмыстан шығарылды, болды ма?“ Депутат “СҚ Фармацияның“ бұрынғы басшыларын тексеруді сұрады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Жұмыстан шығарылды, болды ма?“ Депутат “СҚ Фармацияның“ бұрынғы басшыларын тексеруді сұрады Фото: t.me/mazhilis_kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қылмыс белгілері барын айтып, "СҚ-Фармация" басшылары жай ғана жұмыстан босатылғанына күмән келтірді. Депутат арыз жазуға уәде беріп, оларды Антикор, ҚМА және Бас прокуратураға тапсыруды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қылмыс белгілері барын айтып, "СҚ-Фармация" басшылары жай ғана жұмыстан босатылғанына күмән келтірді. Депутат арыз жазуға уәде беріп, оларды Антикор, ҚМА және Бас прокуратураға тапсыруды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"СҚ-Фармация" басшылары жұмыстан босатылды... Олар неге қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды? Кем дегенде он қылмыстық іс бар", - деді ол Мәжіліс отырысында.

Депутат отырыс қорытындысы бойынша арыз жазатынын айтып, оны Бас прокуратураға, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Қаржылық мониторинг агенттіктеріне тапсыруды талап етті.

"Осы пленарлық отырыс қорытындысы бойынша арыз дайындайын. Бұл тұста қылмыстық істер бар", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Мәжілісте халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.

Аудит нәтижелерін Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов баяндады. Ол да Денсаулық сақтау министрлігін сынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети