“Жұмысын жалғастырғаны дұрыс деп ойлаймын“. Дөрекі сөйлеген ҚТЖ басшысы орнын сақтап қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Желіде теміржол қызметіндегі басшының қызметкерлерімен онлайн-жиын кезінде айғайлап, бейәдеп сөздер қолданған сәті түсірілген видео тарады. Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-премьердің айтуынша, видеодағы басшымен түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

"Өкінішке қарай, мұндай жағдай расымен де болған. Әрине, этиканы сақтау міндетті болуы керек. Бірақ, Нұрлан Ермекұлы (Сауранбаев, көлік министрі – еск.) айтқандай, ҚТЖ - күрделі құрылым. Онда ең бастысы қауіпсіздік. Менің білуімше, ол теміржолшымен әңгіме жүргізіліп, ол бәрін түсінген. Оның жұмысын жалғастырғаны дұрыс деп ойлаймын", - деді Скляр.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде теміржолшы киімін киген ер адамның қызметтік мәселелерді айғайлап және бейәдеп сөздермен түсіндіріп жатқан видеосы тараған еді. Аталған жағдайға ҚТЖ баспасөз қызметі де пікір білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tengri LIVE (@tengri.live)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети