Жүргізуші куәлігін алу: Қазақстанда тағы бір құжат цифрлық форматқа ауыстырылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүргізуші куәлігін алу: Қазақстанда тағы бір құжат цифрлық форматқа ауыстырылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

"Азаматтарға арналған үкімет" мәліметінше, 073/у нысанындағы медициналық анықтаманы енді қағаз түрінде қажет емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Азаматтарға арналған үкімет" мәліметінше, 073/у нысанындағы медициналық анықтаманы енді қағаз түрінде қажет емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Барлық медициналық тексерістен өткені туралы мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігінің базасынан автоматты түрде ХҚКО жүйесіне түседі.

Бұл шара жүргізуші куәлігін алу кезінде жалған анықтамалар ұсыну жағдайларын болдырмау үшін жасалған: мәліметтер тікелей тексеріледі, өтініш берушінің қатысуынсыз.

Маңызды: Жарамдылық мерзімі әлі бітпеген жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде медициналық тексерістен өту қажет емес. Сондай-ақ, психо- және наркодиспансерлерден анықтама талап етілмейді.

Жүргізуші куәлігін ауыстыру мерзімін өткізіп алсаңыз не істеу керек?

Еске сала кетейік, "Азаматтарға арналған үкімет" мәліметіне сәйкес, Қазақстанда жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі – 10 жыл.

Алайда оны мерзімінің бітуін күтпей-ақ, алдын ала ауыстыруға болады. Ең тиімді уақыт – мерзімі бітуге 1–1,5 ай қалғанда.

Егер сіз куәлікті ауыстыру мерзімін өткізіп алсаңыз, тұрғылықты жеріңіздегі арнайы ХҚКО-ға жүгінуіңіз қажет.

Қажетті құжаттар:

  • жеке куәлік;
  • анықтама (073/у нысаны);
  • мемлекеттік баж төлемі туралы түбіртек (1,25 АЕК немесе 4 915 теңге).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Ондамедициналық Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети