28 маусым 2022 09:28

Жүргізушілер "Алтын Орда" базары маңындағы жаңа көпірдің сапасына шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Жүргізушілер "Алтын Орда" базары маңындағы жаңа көпірдің жағдайына шағымданды. Көпір жарты жыл бұрын ғана ашылған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жүргізушілер "Алтын Орда" базары маңындағы жаңа көпірдің жағдайына шағымданды. Көпір жарты жыл бұрын ғана ашылған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жүргізушілердің бірі "Алтын Орда" маңындағы жолайрықтың сапасын көрсеткен видеосын жариялады. Кадрлардан көпірдегі асфальт бүлініп жатқанын көруге болады. Сондай-ақ, көптеген шұңқыр мен кедір-бұдыр жолды байқауға болады.

Бұған Желі пайдаланушылары наразылығын білдіріп, пікір қалдырып жатыр:

"Өздерің кінәлі, бізді асықтырдыңдар десе таңғалмаймыз", "Ашылғанынан бергі жарты жылда жолдың жағдайы бірнеше жыл жөндеу көрмегендей нашарлап кетті", "Бұл көпір ештеңені өзгерткен жоқ, таң атқанан батқанға дейін кептеліс", - деп жазып жатыр тұрғындар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

"ҚазАвтоЖол" "Алтын Орда" базары маңындағы жолайрық әлі аяқталмағанын түсіндірді. Ұлттық компания мәліметінше, онда өндіріс жұмыстары жалғасып жатыр.

"Биыл бұл нысанда қалған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Олардың ішінде:

  • қиыршық тас-мастика асфальтбетон жабынының үстіңгі қабатын жабу;
  • жаяу жүргіншілер өткелдерінде полигаль шатырды және лифтілерді орнату, оның ішінде оларды бояу;
  • темірбетон және тосқауыл қоршаулары, сондай-ақ жол белгілерін қою", - деді "ҚазАвтоЖол" өкілдері.

Нысандағы жұмыстарды толық аяқтау 2022 жылға жоспарланған.

Әлеуметтік желідегі видеоға келсек, онда асфальттың төменгі қабаты түсірілген. Ол толық жұмысқа, яғни автокөліктер қозғалысына арналмағаны айтылған. Жақында құрылысшылар жолдың екінші, негізгі қабатын төсеуге уәде беріп отыр.

"Бұл ретте, қиыршықтасты-мастика асфальтбетонның соңғы үстіңгі қабатын монтаждау бойынша бұл учаскелер тұтас болуы үшін төменгі қабат фрезерленіп, қайта асфальтбетон төселеді", - деп қосты ұлттық компания өкілдері.

Еске салайық, "Алтын Орда" базары маңындағы жаңа жолайрық құрылысы 2017 жылдың күзінде басталған болатын. Алайда құрылыс кешіктіріліп, жаңа көпір 2021 жылы желтоқсанның аяғында ғана ашылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети