Жүргізушілер айыппұл мөлшері көбейгеніне шағымданды: себебі неде?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүргізушілер айыппұл мөлшері көбейгеніне шағымданды: себебі неде? Фото ©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова

Жүргізушілер Астана – Щучинск тасжолында жылдамдық үшін салынған айыппұл мөлшері көбейгеніне шағымданып жатыр. Бұған қолайсыз ауа райы кезінде фото және бейнебақылау камераларының автоматты түрде "қысқы режимге" ауысып, төмендетілген жылдамдық шегін тіркеуі себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

ІІМ мәліметінше, боран, көктайғақ және өзге де күрделі метеожағдайларда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кей учаскелерде жылдамдық шектеуі енгізіледі. Осы кезде камералар төмендетілген лимитті негізге алып, заңбұзушылықтарды тіркейді.

Шағым

Алайда әлеуметтік желілерде жүргізушілер наразылық білдіріп жатыр. Threads қолданушыларының бірі Щучинск – Астана тасжолында жылдамдық 60 шақырым/сағ-қа дейін шектеліп, көптеген жүргізушіге айыппұл келгенін жазды. Пікірлерде өзге де автокөлік иелері осыған ұқсас жағдайларға тап болғанын растаған.

Қазір кей жүргізушілер айыппұлдарды даулауға дайындалып, заңгерлерден кеңес алып жатқанын мәлімдеді.

Tengri Auto редакциясы бұл мәселеге қатысты Ішкі істер министрлігінен ресми пікір сұратты.

Еске салайық, бұған дейін желіде "камерлар 66 шақырым/сағ-тан бастап айыппұл салады" деген ақпарат тараған, алайда ІІМ оны фейк деп атаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 512.04  course up  604.8  course up  6.56  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети