26 шілде 2022 13:52

Жүргізушілер айыппұл төлеудегі жеңілдіктен айырылуы мүмкін: ІІМ себебін түсіндірді

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото TENGRINEWS / Тұрар Қазанғапов Фото TENGRINEWS / Тұрар Қазанғапов

Бір жылда бестен артық ереже бұзған қазақстандық жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 50 пайыз жеңілдікпен әкімшілік айыппұл төлеу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бір жылда бестен артық ереже бұзған қазақстандық жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 50 пайыз жеңілдікпен әкімшілік айыппұл төлеу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін бір жыл ішінде бестен аса әкімшілік құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға 50 пайыздық жеңілдікпен айыппұл төлеу мүмкіндігін алып тастауға (...) түзетулер әзерлеп жатыр", - деді Мұраталиев ІІМ брифингінде.                      

Базада тіркелген 3 миллион құқықбұзушылық арасында жүргізушілердің бес пайызы ЖҚЕ-ны бестен аса рет бұзғаны анықталған.

"50 872 құқықбұзушы жол қозғалысы ережесін - бес-он, 14 мың адам - он-елу, 197 адам - 50-ден 100-ге дейін, 50 адам 100-ден аса жол ережесін бұзған. Жол қозғалысы ережелерін бұзу санын азайту үшін осындай ұсыныс енгізгіміз келеді. Мұны жүргізушіні жазалау үшін жасамаймыз", - деп түсіндірді Мұраталиев.

Оның айтуынша, көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылса да, ереже бұзуды жалғастырады, бұның нәтижесі ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Ол норма әлі енгізілмегенін және қарастырылып жатқанын айтты.

"Бұл бастама тек ұсыныс ретінде қарастырылып жатыр. Бұл ұсынысты қоғам және басқа да мемлекеттік органдар талқылайды. Қазір норма қолданылмайды және заңға енгізілген жоқ", - деді ол. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда кей жүргізушілер айыппұл төлеудегі жеңілдіктен айырылуы мүмкін екені және орташа жылдамдықты асырғандарға жаза қарастырылатыны айтылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети