Алматыдағы көше қиылысында жаңа үлгідегі камералар байқалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайы
Жаңа камералар Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында орнатылған. Олар алматылық жүргізушілерге үйреншікті құрылғылардан айтарлықтай ерекшеленеді.
Сыртқы құрылымы бірнеше ойықтары бар конус пішінінде, сол ойықтарға камералар қойылған.
Полиция пікірі
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл жабдық бір мезгілде сегіз жолақтағы қозғалысты бақылауға, 360 градусқа шолу жасап бейнебақылау жүргізуге, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін оқуға және бет-әлпеттерді тануға мүмкіндік береді.
"Биыл іске қосылған интеллектуалды жоба аясында мұндай камераларды қаланың ең көп жүретін бөліктеріне орнату жоспарланған. Мұның бәрі жолдағы және қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға, жедел әрекет етуге және ыңғайлы қала ортасын құруға бағытталған", – деді ведомство өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!