Жүргізушілер Өзбекстанмен шекарадағы ұзын-сонар кезекке шағымданды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүргізушілер Өзбекстанмен шекарадағы ұзын-сонар кезекке шағымданды Фото: МКК

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ұзын-сонар кезек пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ұзын-сонар кезек пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Gazeta.uz мәліметінше, негізгі кідірістер Қазақстанның "Навои" және "Яллама" бекеттеріне апаратын бақылау-өткізу пункттерінде байқалады. Жүргізушілер тексерістің өте баяу жүріп жатқанын және қозғалыстың ұйымдастырылмағанын айтып шағымданып жатыр.

Кейбір жүргізушілер Қазақстан жағында олардан ақша талап етіп жатқанын мәлімдеген. Алайда бұл ақпаратты ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті жоққа шығарды.

Комитеттің мәліметінше, мереке күндері көлік ағыны көбейеді.

"Жай күндері "Қапланбек" өткізу пунктінің тәуліктік орташа өткізу қабілеті екі бағытта 27 мың адам болады, ал мереке күндері бұл көрсеткіш 38 мың адамға дейін артады. Жеңіл көліктер бойынша - 800, мереке күндері 1,1 мыңнан асады", – делінген ведомство мәлімдемесінде.

Комитет мәселені мойындап, өткізу жылдамдығын арттыру үшін "Қапланбек" бекетіне қосымша қызметкерлер жіберілгенін хабарлады.

Өзбекстанның Кеден комитеті өз тараптарынан ешқандай жасанды кедергілер жоқ екенін, ал кідірістердің себептері — жөндеу жұмыстары мен Құрбан айт мейрамына байланысты көлік қозғалысының артуы екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети