05 қазан 2024 | 12:56

Жүргізушілер тасжолдағы жабық тұрған әжетханаға шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Желіде жүргізуші Семей-Қарауыл тасжолында жабық тұрған дәретхананы көрсеткен видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tengri Auto-ға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Желіде жүргізуші Семей-Қарауыл тасжолында жабық тұрған дәретхананы көрсеткен видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tengri Auto-ға сілтеме жасап.

Кадрлардан дәретхананың жабық әрі "жұмыс істемейді" деген жазу ілулі тұрғанын көруге болады. Бейнежазба авторы бұл құрылысқа 30 миллион теңге жұмсалғанын, бірақ жай көрнекі нысан ретінде тұрғанын айтады. Оның айтуынша, туристер осы әжетхананың алдында суретке түседі.

Редакция Абай облысының Көлік және автомобиль жолдары басқармасынан ақпарат сұрап көрген. Олардың жауабына сәйкес жергілікті маңызы бар жолдарда жол бойындағы сервисті дамытудың республикалық бағдарламасы шеңберінде Абай облысының автомобиль жолдарын күтіп ұстау қаражаты есебінен, Семей-Қарауыл автомобиль жолының бойында Қасқабұлақ және Қарауыл ауылдары жанында 98-шақырымда жол бойында сервистің 2 модульдік нысан орнатылған.

"Бүгінде модульдер іске қосуға дайын, биыл 7 қазанда ашылады деп жоспарланған. Бекітілген ұлттық стандарттарға сәйкес жол бойындағы сервис нысандарына міндетті талаппен бейнебақылау камералары, қыста жұмыс істеу үшін жылыту, желдету, сумен жабдықтау көзделген, сондай-ақ сауда үй-жайы да бар", – деді облыстың Көлік және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз хатшысы Әсем Нұрланқызы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети