Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Жүргізушілерден шөп арасында тығылатын полицейлердің әрекеті тыйылатын болды 29 наурыз 2016, 16:51

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы жүргізушілерден шөп арасында тығылатын полицейлердің әрекетінің жолын кесетінін мәлімдеді.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

© ambox.ru © ambox.ru

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха жүргізушілерден шөп арасында тығылатын полицейлердің әрекетінің жолын кесетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз бастапқыда ешкім тығылмасын деп тапсырма бердік. Мұнда мәселе полицейлердің әрекетінің заңдылығы емес жайында емес, дұрыс-бұрыстығы жайлы. Олар бұрыш-бұрышта, шөп арасында тығылып, кейін дереу атып шығады, біз мұндай әрекеттердің жолын кесеміз. Нақтырақ айтқанда, Алматы облысы бойынша тексеріс жүргіздік, мұндай әрекет жасағаны үшін батальон командиріне дейін босаттық", - деп мәлімдеді ол Астанадағы брифингте.

Сонымен қатар, ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев Астандағы баспасөз мәслиахаты кезінде жылдамдық өлшеу құрылғыларының Қазақстанның барлық өңірінде орнатылатынын хабарлады.


Join Telegram