Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Жүргізушілерге медициналық анықтамалар мамандандырылған ХҚКО-дан беріледі 29 қыркүйек 2014, 11:02

Бұдан бұрын Алматы қаласының мамандандырылған ХҚКО-да автокөлік жүргізу бойынша емтихан алды дайындықтан демалыс күндері де өтуге болатыны хабарланған еді.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

ХҚКО. Фото ©Ярослав Радловский ХҚКО. Фото ©Ярослав Радловский

Алматының мамандандырылған ХҚКО жүргізушілерге барлық медициналық анықтаманы беретін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның инвестициялар және даму министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлім етті. 

"Біз мамандандырылған ХҚКО-да Денсаулық сақтау және әлеуметтьік даму министрлігімен бірлесіп, тағы бір пилоттық жобаны бастадық. Алматының мамандандырылған ХҚКО-да "шоферлік комиссия" ұйымдастырылды, енді сіздер дәл сол жерде медициналық тексеруден өтіп, анықтама ала аласыздар. Бұл - адамдардың бәріне барлық қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік беретін модель", - деп жазды ол. 

Бұдан бұрын Алматы қаласының мамандандырылған ХҚКО-да автокөлік жүргізу бойынша емтихан алды дайындықтан демалыс күндері де өтуге болатыны хабарланған еді. Болашақ жүргізушілер автомектептің көлігін ғана емес, сондай-ақ көлік құралын басқару дағдыларын бақылау мен бағалаудың электрондық жүйесімен жабдықталған мамандандырылған ХҚКО-ның автомобильдерін де пайдалана алады. "Автоматтандырылған электрондық алаңда тәжірибелік емтихан тапсыруға емтихан алды дайындық жүргізу" қызметін пайдалану үшін азамат оқыту күніне 2 күн қалғанда мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінуі және аталған қызметті көрсетуге шарт жасасуы тиіс. Бұл ретте, өзіңізбен бірге тек жеке куәлік болуы қажет.


Join Telegram