14 қазан 2016 | 18:21

Журналистер қауесеттерді жиі қолданады - ҚР ақпарат және коммуникация вице-министрі

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ақпарат және коммуникация вице-министрлігі журналистерді мәліметті тексеруге міндеттеуді ұсынып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ақпарат және коммуникация вице-министрлігі журналистерді мәліметті тексеруге міндеттеуді ұсынып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР ақпарат және коммуникация вице-министрі Алан Әжібаевтың айтуынша, журналистер шындыққа жанаспайтын ақпараттарды жиі қолданады. Сондықтан "Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" заң жобасының концепциясыа журналистерді мәліметті тексеруге міндеттеуді ұсыну қарастырылып отыр. 

"Жалған ақпараттарға келер болсақ, өздеріңіз білесіздер, бүгінде журналистер қауесеттерді немесе шындыққа жанаспайтын қандай да бір ақпараттарды өте жиі қолданады, оларды интернетке жариялайды. Жалпы алғанда журналистік этика бойынша, журналистің мәліметтің қайнарын іздеуі өте маңызды. Сондықтан заң жобасының бұл концепциясында біз журналистердің ақпараттың қайнар көзін іздеуіне немесе мемлекеттік органдарға, баспасөз қызметіне, баспасөз хатшысына хабарласып, белгілі бір мәселе бойынша нақты түсінік алуына назар аударуға тырысып жатырмыз", - деді Алан Әжібаев Әділет министрлігінің ведомствоаралық комиссиясының отырысында. 

Жалған мәлімет таратудың жауапкершілігі мен заң жобасын ұсынудың мерзімі туралы вице-министр айтпады. Алан Әжібай бұл әзірше заң жобасының концепциясы ғана екенін айтып, белгілі бір жаңа өзгерістер туралы әркімнің де пікір білдіре алатынын атап өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети