Журналистер мен блогерлерге қарсы қылмыс: 18 адам ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Журналистер мен блогерлерге қарсы қылмыс: 18 адам ұсталды © elements.envato.com

Қазақстанда журналистер мен блогерлерге жасалған шабуылға қатысты 18 адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда журналистер мен блогерлерге жасалған шабуылға қатысты 18 адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, 2022 жылғы қыркүйектен бастап 2023 жылғы 20 ақпанға дейін Алматы және Астанада 6 журналист пен блогерге, сонымен бірге 1 адамның қызметіне байланысты заңсыз әрекеттер жасалған.

"Жәбірленушілерге қатысты жылжымайтын мүлікке қасақана зақым келтіру, автокөліктерді өртеу, оларға әртүрлі зат жіберіп қорқыту деректері, жәбірленушілердің мекенжайлары бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар және Интернет желісінде дербес деректерін тарату деректері жасалды. Осы қылмыстарды ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 115 "Қауіпі", 147 "Жеке өміріне қатысты мәліметтерді тарату", 158 "Журналистік қызметке кедергі жасау", 202 "Бөтеннің мүлкін қасақана жою", 293 "Бұзақылық" баптары бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды. Бұған қатысы бар 18 адам ұсталды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазақстанда бірнеше тәуелсіз журналиске шабуыл жасалды. Кейінгісі 2023 жылғы 19 ақпанда болды. "Гиперборей" Youtube-арнасының авторы, журналист Вадим Борейко әріптесінің екі көлігі жарылғанын хабарлады. Оның алдында журналист Вадим Борейконың өз үйінің есігін әлдекімдер желімдеп кеткен еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети