Журналистерге меморгандарға кіруге тыйым салынды: вице-премьер цензура туралы сұраққа жауап берді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Журналистерге меморгандарға кіруге тыйым салынды: вице-премьер цензура туралы сұраққа жауап берді Иллюстрациялық фото:elements.envato.com

Вице-премьер Ералы Тоғжанов Қазақстанда журналистердің қатысуымен офлайн-брифингтерді қайта бастау мәселесі қаралып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вице-премьер Ералы Тоғжанов Қазақстанда журналистердің қатысуымен офлайн-брифингтерді қайта бастау мәселесі қаралып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Үкіметтің онлайн-брифингінде БАҚ өкілдері премьер-министрдің орынбасарынан, бұқаралық іс-шаралар мен мерекелерге рұқсат берілгенін ескерсек, мемлекеттік мекемелердегі іс-шараларға журналистерге қатысуға тыйым салу цензура енгізу әрекеті емес пе деп сұрады. 

"Біріншіден, мен Нұр-Сұлтан әлі де "қызыл" аймақта екенін еске салғым келеді. Журналистерді мемлекеттік мекемелерге жіберуге қатысты айтар болсам, бүгінде журналистер мен қатардағы қазақстандықтар үшін ақпаратқа қол жеткізу қиын емес, ешқандай шектеу жоқ. Карантиндік шектеулер журналистердің ақпаратқа қол жеткізуіне кедергі болмайды. Себебі, Үкіметте, Парламентте жүргізіліп жатқан барлық іс-шаралар БАҚ-та жарияланады, онлайн-режимде трансляцияланады", - деп жауап берді Тоғжанов.

Ол жағдай тұрақтанғанына қарамастан, барлық санитарлық талаптар жойылмағанын еске салды.

"Сондай-ақ, мен әлеуметтік арақашықтық, маска тағу режимі туралы айтып тұрмын. Сондықтан бүгінде министрлер бейнеконференция арқылы кездесулерге қатысып, байланыстар барынша азайтылады. Жалпы алғанда, ақпаратқа қол жеткізу бүгінде тек бетпе-бет кездесумен шектелмейді, басқа да көптеген мүмкіндік бар, бұл жазбаша өтініштер, журналистердің тікелей өтініштері, сондай-ақ онлайн кездесулер мен брифингтер. Электрон үкімет пен әлеуметтік ресурстар арқылы кері байланыс.

Сіз айтқан мәселелер бойынша сұрақтар күн тәртібінде. Бүгінде офлайн-брифингтерді барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізу мәселесі пысықталып жатыр. "Жасыл", Ashyq-та қауіпсіз мәртебесі бар журналистерге рұқсат беріледі", - деп қорытындылады вице-премьер.

Қазақстандағы ресми шаралар журналистердің қатысуынсыз 2020 жылдың наурызынан бастап өткізіліп келеді. Шектеулер осы күнге дейін жалғасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети