28 наурыз 2022 17:53

Жұрт "Отбасы банк" бөлімшелеріне ағылып жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Отбасы банкі" бөлімшелеріне клиенттер легі ағылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Отбасы банкі" бөлімшелеріне клиенттер легі ағылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушылары банктің Алматыдағы бөлімшелерінен түсірілген видеоны жариялады. Солардың бірінде ғимаратқа кіре берістің алдында кезекке тұрған қалың жұртты көруге болады. Видео авторы үш күннен кейін зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі көтерілетінін айтады. Оның айтуынша жиналған жұрт қаржы институтына артық зейнетақыны пайдалану үшін келген. 

Айта кетейік, видео 28 наурыз күні сағат 10:00 шамасында түсірілген. Кадрдан бұл Алматыдағы Шевченко мен Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан "Отбасы банкінің" филиалы екенін байқауға болады. 16:30-дағы жағдай бойынша филиал алдында кезек бар, бірақ таңертеңгідей көп емес.

"Отбасы банкінің" баспасөз қызметі наурыздың соңғы күндерінде клиенттер көп болып жатқанын айтты. Себебі, 1 сәуірден бастап зейнетақы жинақтарын алу үшін ең төменгі жеткіліктілік шегі көтеріледі.

"Біз қазақстандықтарға барлық қаржылық операцияларды алдын ала жүргізу керектігін ескерткен болатынбыз. Оның үстіне біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша барлық операцияларды enpf-otbasy.kz платформасында онлайн жүзеге асыруға болады. Сол жерде өтінімдер береді. Ол өтінім сол жерде өңделеді, сол жерде  мәртебесін де қадағалай аласыз.

Алайда біздің кейбір клиенттеріміз банк бөлімшесіне келгенді жөн көреді. Олар бұл процесті қандай да бір түрде жылдамдатады деп ойлайды. Есесіне, банк алдында кезек жиналады", - деді "Отбасы банкінің" ресми өкілі Наталья Кутлина.

Сондай-ақ ол клиенттерге банк бөлімшесіне қандай жағдайда келу керектігін айтты.

"Банкте несиелерді ішінара немесе мерзімінен бұрын өтеу қызметі бар. Ал мұндай операциялардың кейбір түрлері үшін филиалға келу керек. 

Сондай-ақ, кейбір клиенттер өтінішінің жағдайын білу үшін немесе барлығын дұрыс орындағанына көз жеткізу үшін банк бөлімшелеріне хабарласады. Мұның бәрін қашықтан да жасауға болатынын ескертемін", - деп қосты Кутлина.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети