03 наурыз 2017 | 16:36

Жұрттың жағасын ұстатқан видео: Павлодарда қызын ұрып-соққан әйел жазадан құтылып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда қызын видеоға түсіре отырып, ұрып-соққан әйелге кешірім берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда қызын видеоға түсіре отырып, ұрып-соққан әйелге кешірім берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Үш жасар Айлинді ұрып-соққан анасына қатысты қозғалған қылмыстық іс тараптардың татуласуымен жабылды.

"Павлодар тұрғыны Ержан Қасымов азаматтық некедегі әйеліне шара қолдануды сұрап, арыз жазған. Ол арызында әйелі Нұргүл Докуованың үш жасар қызды ұрып-соғатынын айтқан. Докуоваға қатысты сотқа дейінгі тергеу "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау" бабымен жүргізілді. Тергеу барысында ер адам Докуовамен татуласқаны жөнінде өтініш түсірді. Осыған байланысты күдіктіге қатысты қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды", - деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.

Өз баласын ұрып-соғып, видеоға түсірген қатыгез анаға қатысты іс қозғалғаны белгілі. Бүлдіршінді анасының аяусыз ұрып-соғуы туралы видео Instagram әлеуметтік желісінде жария болған еді. Кадрлардан әйелдің бүлдіршінді видеоға түсіре отырып, бетінен, басынан ұрғанын көруге болады. Кейін тамағынан қысып, жылап жатқан баланың үнін өшіргісі келеді. Әйел мұнысымен де тоқтамай, бүлдіршінді ұрғылай береді. Кадр сыртында "Ана, тоқтат!" деген тағы бір қыздың даусы естіледі. Қыз шешесін тоқтатпақ боалды, бірақ анасы оның сөзіне құлақ аспайды.  

Кейін Павлодарда қызды ұрып-соққан видеоны таратушы оқиғаның мән-жайын айтып берген еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети