Jusan Bank ресми түрде атауын Alatau City Bank деп өзгертеді. Мұндай шешімді акционерлер қабылдады және ол қайта тіркеуден кейін күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"First Heartland Jusan Bank" АҚ атауын "Alatau City Bank" АҚ деп өзгертеді. Банктің жарғысына тиісті өзгерістер биылғы 15 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімімен енгізілді", – делінген банктің баспасөз қызметі хабарламасында.
Банк атауы мемлекеттік қайта тіркеу күнінен бастап заңды түрде өзгереді. Ұйымда атап өткендей, атауды өзгерту – жаңару мен стратегияны қайта қарау кезеңін білдіреді.
Банк 2019 жылы бұрынғы "Цеснабанк" негізінде құрылған. Ол "First Heartland Jusan Bank" АҚ атауын алып, Jusan Bank бөлшек брендімен жұмыс істей бастады.
2021 жылы қаржы ұйымы АТФБанк акцияларының 99 пайызын сатып алып, оның клиенттері мен міндеттемелерін өзіне қабылдады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!