22 мамыр 2024 | 12:34

Jusan капиталдың жеткілікті деңгейі ең жоғары банк атанды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ranking.kz сараптамалық агенттігі Jusan Bank-ті реттеуші стандарттарынан бірнеше есе асып түсетін республиканың екінші деңгейлі ірі банктері арасында меншікті капитал жеткіліктілігінің ең жоғары деңгейі бар қаржы институты деп атады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ranking.kz сараптамалық агенттігі Jusan Bank-ті реттеуші стандарттарынан бірнеше есе асып түсетін республиканың екінші деңгейлі ірі банктері арасында меншікті капитал жеткіліктілігінің ең жоғары деңгейі бар қаржы институты деп атады.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банктік секторы 21 банкпен ұсынылған. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі атап өткендей, банк секторының жеткілікті капитал қоры бар, бұл ЕДБ қаржылық орнықтылығына оң әсерін тигізіп жатыр.

Осылайша, ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР ЕДБ реттегіш меншікті капиталы 8,1 трлн тг құрады - бұл өткен жылдың бастапқы кезеңімен салыстырғанда 27,7%-ға көбірек. Банктердің меншікті капиталының мөлшері жыл сайын ұлғайып келеді, бұл қаржылық орнықтылық пен сенімділік көрсеткішінің де ұлғайып жатқанын білдіреді.

Банктердің қаржылық орнықтылығының негізгі көрсеткіштерінің бірі − меншікті капиталдың жеткіліктілігі деңгейі.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еліміздің ең ірі банктері арасында меншікті капиталдың жеткіліктілігінің ең жоғары коэффиценттері Jusan Bank-те. Осылайша банктің негізгі капиталының жеткіліктілігі коэффиценті (k1) 36% құрады, бұл жүйелік маңызды банктер үшін 9,5% құрайтын реттегіш нормативтен 3,8 есе артық. Ал бірінші деңгейдегі капитал жеткіліктілігінің коэффиценті (k1-2) 36% құрады, бұл 10,5% құрайтын реттегіш нормативтен 3,4 есе артық. Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффиценті (k2) 47,9% құрап, 12% құрайтын реттегіш нормативтен 4 есе артық шықты. Атап өтетін жайт, Jusan Bank-тің қазіргі көрсеткіштері банк секторының басқа қатысушыларымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.

Бұл банкте әлеуетті шығындар немесе тәуекелдерді өтеу үшін жеткілікті көлемде меншікті қаражат бар екендігін білдіреді, яғни қаржы институты барынша қорғалған. Меншікті капиталдың жоғары деңгейі банктің экономикалық өзгерістер немесе қаржылық дағдарыстарға төтеп беру қажеттілігін көрсетеді.

Меншікті капиталдың жеткіліктілігі деңгейі бойынша екінші орында ForteBank тұр: k1, k1-2 және k2 меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффиценттері бұл жерде тиісінше 21,2%, 21,2% және 21,6% құрады. Бұл мәндер еліміздің қаржылық реттегіші белгілеген нормативтік мәндерден жоғары.

Топ 5-ке келесідей банктер кірді:

  • Halyk Bank: k1 - 19%, k1-2 - 19%, k2 - 19,2%;
  • Банк ЦентрКредит: k1 - 15,1%, k1-2 - 15,1%, k2 - 17,3%;
  • Еуразиялық банк: k1 - 14,9%, k1-2 - 14,9%, k2 - 21,5%.

Жалпы банк секторы бойынша меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффиценттері келесідей:

  • k1 - 19,4%;
  • k1-2 - 19,4%;
  • k2 - 21,4%;

Жүйе бойынша орташа бұл мәндер заңнамада белгіленген нормативтерден елеулі түрде асып түседі.

ҚазақстанРеспубликасыныңқаржынарығынреттеужәнедамытуагенттігіберген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.22  course up  545.66  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer