Жүйелі қызыл жегінің белгілерін елемеу неге қауіпті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүйелі қызыл жегінің белгілерін елемеу неге қауіпті? Фото: AstraZeneca Kazakhstan баспасөз қызметі

Апта бойы денені басып тұрған әлсіздік, қызудың көтерілуі, күнге шыққанда беттің бөртіп кетуі көпшілікке таныс. Бірақ көбі оған мән бермей, уақытша құбылыс деп жүре береді. Негізінде иммундық жүйе өз ағзасына шабуыл жасап, тіндер мен органдарды зақымдайтын аутоиммунды дерт осылай басталады. Оны ерте кезеңінде анықтау қиын, себебі белгілері басқа ауруларға ұқсас келеді. Бірақ уақытында ем басталмаса, салдары ауыр болуы мүмкін.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Апта бойы денені басып тұрған әлсіздік, қызудың көтерілуі, күнге шыққанда беттің бөртіп кетуі көпшілікке таныс. Бірақ көбі оған мән бермей, уақытша құбылыс деп жүре береді. Негізінде иммундық жүйе өз ағзасына шабуыл жасап, тіндер мен органдарды зақымдайтын аутоиммунды дерт осылай басталады. Оны ерте кезеңінде анықтау қиын, себебі белгілері басқа ауруларға ұқсас келеді. Бірақ уақытында ем басталмаса, салдары ауыр болуы мүмкін.

Алматыда жақында осы тақырыпқа арналған ашық кездесу – паблик-ток өтті. Шараны "АстраЗенека" компаниясы ұйымдастырды. Жиынға дәрігерлер, журналистер мен ЖҚЖ диагнозы қойылған науқастар қатысты. Басты мақсат – бұл дерт туралы қоғамда түсінік қалыптастыру және адамдарды алғашқы белгілерге бейжай қарамауға шақыру.

Қазақстандағы жағдай

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жүйелі қызыл жегі диагнозы қойылған 6365 адам тіркелген, олардың 90 пайыздан астамы – бала сүю жасындағы әйелдер. Диагноз қойылғандардың басым бөлігін 14 пен 45 жас аралығындағы қыз-келіншектер құрайды.

Кездесуде сөз сөйлеген Қазақ ревматологтар коллегиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс ревматологы, профессор Ғалымжан Тоғызбаев бұл дертті "бетпердесі көп ауру" деп атады. Өйткені әр адамда түрлі белгілермен білінеді. Біреуде буындар ауырады, екіншісінде тері бөртеді, үшіншісінде қан құрамы өзгереді. Ал кей науқаста осы белгілердің бәрі бірден байқалмайды, біртіндеп қосыла береді.

"Қазір бұл диагноз жыл сайын мыңнан аса адамға қойылады. Бірақ, өкінішке орай, көбіне кеш анықталады. Ал ерте ем басталса, адам толыққанды өмір сүре алады. Қазірдің өзінде науқастардың жартысына жуығы мүгедектікке шығып жатыр", – деді Ғалымжан Тоғызбаев.

Елемеуге болмайтын белгілер

Шара барысында дәрігерлер ерекше атап өтті: ағза беріп тұрған алғашқы ескертулерді елеусіз қалдыруға болмайды. Кейбір белгілер аса маңызды емес сияқты көрінуі мүмкін, бірақ дәл солар жиі аурудың алғашқы "белгісіне" айналады:

  • Ұзаққа созылған шаршау мен енжарлық;
  • Себепсіз қызу көтерілуі;
  • Буындардың ауырсынуы мен ісінуі;
  • Беттегі көбелек тәрізді бөртпе;
  • Күннен кейін терінің тітіркенуі;
  • Ауыз қуысындағы жаралар;
  • Шаштың түсуі;
  • Қан құрамындағы өзгерістер (гемоглобиннің, лейкоциттердің азаюы);
  • Қанда антинуклеарлы антиденелердің жоғары болуы.

"Қателігім – уақыт жоғалтқаным"

Жанна Базарова бұл диагнозбен 10 жылдан бері өмір сүріп келеді. Ол бастапқыда дертті мойындамай, түрлі балама ем іздегенін айтады.

"Мен – қалай жасауға болмайтынының тірі мысалымын, Дәрігерлер жазып берген емді қабылдаудың орнына, мен "керемет" тәсілдерді іздей бастадым. Ресейге, Германияға бардым, кейін арамен емдеу, түрлі улар, тибет медицинасы сияқты балама әдістерге жүгіндім. Бұл әрекеттерімнің соңы жансақтау бөлімінде аяқталды, көп уақытым босқа кетті. Аурудың асқынуынан қолым мен аяғымның бірнеше саусағын ампутациялауға тура келді", - деді ол.

Жанна үшін ең қиын нәрсе – ауруын мойындау болды. Алайда, дәрігерлердің ұсынысы бойынша ем қабылдай бастаған кезде жағдайының жақсарғанын көріп, ол дертпен күресті сауатты түрде жүргізу керектігін түсінген.

Қазір Жанна LUPUS Kazakhstan атты пациенттік ұйымның жетекшісі. Бұл ұйым жүйелі қызыл жегімен өмір сүріп жатқан адамдарға қолдау көрсетіп келеді. Жаннаның басты ұстанымдарының бірі – ауруды жоққа шығармау және белгілерді елемеу қателік екенін түсіну.

"Егер сен белгілерді елемесең, өміріңдегі ең құнды нәрсе – уақыттан айырылуың мүмкін. Ал ремиссия кезінде адам толыққанды өмір сүре алады: жұмыс істейді, саяхаттайды, тіпті ана атануға да мүмкіндік бар. Өткен жылы біздің қорда нағыз "бэби-бум" болып, жүйелі қызыл жегі диагнозы қойылған 14 әйел сәби сүйді", – деді Жанна.

Материал жалпы оқырманға арналған. "АстраЗенека" компаниясымен серіктестік негізінде әзірленді. Бұл мақала медициналық кеңестің орнын баспайды. Міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз. Бекіту нөмірі: KZ-5718. Бекітілген уақыты: маусым 2025. Жарамдылық мерзімі: маусым 2026.

Tengrinews
Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети