23 қыркүйек 2015 12:54

Жүздеген гектар жері бар адамдар түрмеде отыр - мәжілісмен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев. ©Тұрар Қазанғапов Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев. ©Тұрар Қазанғапов

Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев қазақстандықтарды жерге сүйіспеншілікпен қарауға шақырды. Мұндай мәлімдемені ол төменгі палатаның отырысында "Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау кезінде жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев қазақстандықтарды жерге сүйіспеншілікпен қарауға шақырды. Мұндай мәлімдемені ол төменгі палатаның отырысында "Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау кезінде жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол жердің пайда табудың көзіне айналып отырғанын айтты. "(...) Біз 10 жылдан бері жер туралы айтып келеміз. Қаншама заңды қабылдадық, ал жер мәселесінде тәртіп азайып жатыр. Жер - халықтың әл-ауқатының қайнар көзі. Мұны біз ұмытпауымыз керек. Ал ол болса пайда табудың көзіне айналды, жақсы деген жерлер қолданысқа алынған. Ал қазір біз осы тастанды жерлерді біреуге сатқымыз келіп отыр. Бұл жерлерді біреу сатып алады дегенге өз басым сенбеймін. (...) Жерді пайдалану мәселесінде қателік көп деп есептеймін. Бізде қосымша шаруашылығы бар адамдар бар, бірақ олардың пішен егетін жері жоқ. Ал біреу түрмеде отырса да, жүздеген гектар жері бар. Біз қайда қарап отырмыз? Осы мәселені шешу қиын ба?", - деді депутат.

Сонымен қатар, Косарев Мәжілісте заң жобасын ұсынған Досаевқа жер мәселелерімен айналысатын қызметкерлерді мұқият таңдау керектігін айтты. 

"Мен құдайға сенбейтін адаммын, бірақ құдайдан сұрайтыным, ол осы мәселені түзесе екен, ал бұл мәселе атқарушы органдар құжаттарды алып, жұмыс істеуді бастағанда түзеледі. Жұмысты жерге құрмет көрсете отырып істеу керек. Мен сізді тәрбиелі адам деп білемін, бірақ жерге қатысты мәселені оңтайландыратын адамның жоқтығы үшін қапаланамын. Сіздерде, жер органдарында - комитеттерде жерді білетін, сүйетін адам жоқ. Ал онда ашкөз адамдар жиналған. Мен үкіметке осы мәселені айтқанмын, сізге де айтамын - қараңыз, тәртіп келтіріңіз. Халық арасында жерді сүйе білетін, сауатты адамдар бар ғой. Соларды алу керек. Ал біз болсақ пайда көріп қалуды ойлайтындарды ғана алдық", - деді мәжілісмен. 

Мұнда айтылып отырған мәселе ауылшаруашылық мәні бар жерлерді жеке тұлғарға аукцион арқылы беруді қарастыратын заң жобасы жайлы. Мемлекеттің меншігіндегі ауылшаруашылық мәндегі жер телімдері ҚР-ның жеке тұлғалары мен заңды тұлғаларына мына кезеңдер бойынша аукционмен сатылады:

Бірінші кезең - жер учаскесінің кадастрлық құнын арттыратын аукцион арқылы сату. Егер екі аукционның қорытындысы бойынша жер сатылмаса, онда ол кадастрлық құнының минималдық құнына дейін төмендеуі сатысымен сатылады, яғни өз құнының 50 пайызына дейін арзан бағаға өткізіледі.

Екіншісі - жалға алынған жер телімдерін сатып алуға жеңілдігі бар жағдайларды ұсыну. Бұл норма жердің қазіргі қолданушыларының мүддесін қорғайды және оларға жеңілдігі бар құн бойынша мерзімінен бұрын сатып алуды ұсынады, яғни кадастрлық құнының 50 пайызын 10 жылға бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі.

Үшіншісі - жалға берілген жер учаскелерін қолданудағы шектеулерді алып тастау. Ұсынылған норма жерді пайдаланушыларға жалға беру мүмкіндігін, банкке қою мүмкіндігін, иесіздендіру және жалға алу мерзімінің бойында пайдалануға беруге мүмкіндік береді, бірақ жерді қосалқы жалгерлікке беру қарастырылмайды. Бұл жерді пайдалану құқығының құндылығын, оның кепіл әлеуетін арттырады және ауылшаруашылық өнімін өндірушілерге мемлекет тарапынан білдіретін қолдаудың пайдалы шарасы болады.

Заң жобасы бірінші оқылымда қабылданып, осы отырыстың екінші оқылымына қалдырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети