"Жүздесуді асыға күтемін" - Тоқаев Ердоғанға жолдаған жеделхатында

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жүздесуді асыға күтемін" - Тоқаев Ердоғанға жолдаған жеделхатында Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға жолдаған жеделхатында Түркияның  ұлттық мейрамы - Республика күнімен шын жүректен құттықтап, Қазақстан халқының және жеке өз атынан ізгі ниетін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Түркияның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағытта орасан табыстарға қол жеткізгенін, өңірлік және жаһандық маңызы зор мәселелерді шешудегі белсенділігі мен табандылығы арқылы әлемдік сахнада лайықты орынға ие болғанын атап өткен. Сондай-ақ, Тоқаев қуатты Анадолы елінің арманын арқалаған саясаткер Режеп Тайип Ердоғанның еңбегі әрдайым жемісті болуына тілектестік білдірген.

"Қазақстан мен Түркия арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы салалардағы стратегиялық әріптестігіміз болашақта өзінің жалғасын тауып, бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне кәміл сенемін. Сындарлы да мазмұнды екіжақты диалогымызды жалғастыру және серіктeстігімізге тың серпін беру жолдарын талқылау үшін жуық арада өзіңізбен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің  8-саммитінде жүздесуді асыға күтемін. Осы мүмкіндікті пайдаланып, қымбатты бауырым, сізге сарқылмас күш-қуат, жауапты қызметіңізге толағай табыс, ал түрік ағайындарыма баянды өркендеу мен құт-береке тілеймін", - деп жазылған жеделхатта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети