Бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасының Іс-қимыл жоспарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 10 пункт жүктелген және 10 пункт бойынша министрлік тең орындаушы.
Бердібек Сапарбаев бүгінде мемлекеттің 39 зейнетақы және жәрдемақы түрлеріне кепілдік беретінін хабарлады. Өткен жылы оларды 3,8 миллион адам алды, тағы 800 мың адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алды. Әлеуметтік көмек жүйесінің негізгі міндеті - мұқтаж жандарды анықтап, оларға көмек көрсету. Әлеуметтік көмектің атаулылығын арттыру мақсатында 1 шілдеге дейін әлеуметтік карталарды құру бойынша жұмыстар аяқталады, бұл әрбір қазақстандық отбасы және олардың мұқтаждығын анықтау мүмкіндігін береді. Бүгінгі таңда әлеуметтік карталарды құру бойынша жұмыстар елімізде 97,1 пайызға аяқталды.
Сонымен қатар, азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетудің бірыңғай стандарттарын белгілеу мақсатында өңірлерде әкімдіктермен бірлесіп Әлеуметтік қолдау қызметтері мен шараларының бірыңғай пакетін енгізу пысықталып жатыр, онда 11 көмек түрі қамтылған: 1-4 сынып аралығындағы оқушыларды тегін ыстық тамақпен, мектеп формасымен, оқулықтармен және құралдармен, балалар мен аналар үшін қоғамдық көлікте тегін жүрумен, балалар лагерлерінде тегін демалумен т.б. қамту. ЕХӘҚМ болжауынша, биыл осы көмек түрлерімен 83 миллиард теңге сомасына кемінде 823 қазақстандық қамтылуы тиіс.
Зейнетақымен қамтамасыз етуге келсек, Бердібек Сапарбаев атап өткендей, өткен жылдан бастап базалық зейнетақының жаңа форматы енгізілген. Нәтижесінде бүгінгі таңда орташа зейнетақы көлемі 85 785 теңгені құрайды. Жиынтық зейнетақының жыл сайын жинақталуын ескеріп, келесі жылдан бастап жұмыскерлердің пайдасына жұмыс берушілердің 5 пайыз міндетті зейнетақы жарнасын қосымша төлеуі енгізілетін болады. Осылайша, жұмыскердің зейнетақы жарналарының жиынтық көлемі 15 пайыз болды.
Сонымен қатар министр "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы айтып берді, жыл сайын онда кемінде 530 мың адам қамтылуы тиіс. 2019 жылы Бағдарламаны іске асыруға 124 миллиард теңге бағытталды.
Биылғы жылды Елбасы жастар жылы деп жариялады. Осыған байланысты министрлік екі жобаны - "Жас маман" және "Жас кәсіпкер" жобаларын жүзеге асыра бастады. Ведомствоның басты мақсаты - қазіргі экономика талаптарына сай келетін мамандарды даярлау. Осы жобалар аясында жастарды тәжірибемен, "Бастау Бизнес" бағдарламасымен, қысқамерзімді кәсіптік курстармен қамту, бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілген шағын несиелер мен гранттар көлемін ұлғайту қарастырылған.
Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" әлеуметтік шараларының іске асырылу барысы туралы айта отырып, Бердібек Сапарбаев қазіргі таңда көп балалы және аз қамтылған отбасылардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету, осы санаттағы азаматтарды сұранысқа ие кәсіптерге қысқа мерзімді оқыту және үйлердегі әлеуметтік жұмыс орындарына еңбекке орналастыру шараларын кеңейту және күшейту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
"Біз жұмыс орындарының құрылуына үнемі мониторинг жүргізіп отыруымыз керек. Биыл 1 маусымда біз жұмыс орындарын құрудың Интерактив картасын іске қостық. Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп барлық 14 мемлекеттік бағдарлама бойынша біз ай сайын жаңа жұмыс орындарының құрылуын бақылап, талдау жүргізіп отырамыз. Бұл мемлекеттік бағдарламаларды құрастырғанда барлық бағыттар бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді", - деп нақтылады министр.
Еңбек нарығын жаңа сын-тегеруіндерге дайындау және жаңғырту мақсатында кадрларға қажеттілікті болжаудың үшдеңгейлі жүйесі енгізіледі. Сонымен қатар Ұлттық біліктілік жүйесін құру жалғасуда. Еңбек құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету үшін кәсіпорындарда еңбек тәуекелдеріне мониторинг жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде, электронды еңбек келісімшарттары жүйесі енгізілуде және әлеуметтік әріптестік дамытылуда.
Көші-қон процестерін реттеу мәселесінде Қазақстанда қазір этникалық қазақтарды тарихи отанына қайтаруға ынталандырудың кешенді жүйесі жұмыс істейді. Биылдың басынан бері 6 479 этникалық қазақ тарихи отанына оралды. Сонымен қатар еліміздің еңбек күші көп өңірлерінен адамдар еңбек күші аз өңірлерге - оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударып жатыр. Бүгінде 900-ге жуық адам қоныс аударды.
"Жалпы, Президенттің барлық тапсырмалары бақылауда және біз олардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеміз", - деп түйіндеді сөзін Бердібек Сапарбаев.