Жыл басынан бері 78 қазақстандық өндірісте қаза болған

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл басынан бері 78 қазақстандық өндірісте қаза болған Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Елімізде жыл басынан бері өндірісте 691 қызметкер зардап шекті, оның 78-і қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде жыл басынан бері өндірісте 691 қызметкер зардап шекті, оның 78-і қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің деректері бойынша, бірінші жартыжылдықта өндірістегі жазатайым оқиғалардың нәтижесінде 691 қызметкер зардап шекті, оның 78-і қайтыс болды.

Осылайша, өндірістік жарақаттану деңгейі 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,8 пайызға өсті (өткен жылдың 6 айында 672 адам зардап шекті). Бұл ретте өндірістік жарақаттанудан қаза табу жағдайлары 9,3 пайызға төмендеді, 2020 жылдың 6 айында өндірісте 86 адам қаза тапқан. 

"Өндірісте жарақат алу деңгейі бұрынғыдай Қарағанды (139 адам зардап шекті), Шығыс Қазақстан (82 адам), Ақтөбе (56 адам), Павлодар (54 адам), Қостанай (49 адам), Түркістан (37 адам) облыстарында және Алматы қаласында (42 адам) жоғары. Экономика салалары бойынша зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен-металлургия кешенінің кәсіпорындарында - 134 адам (19,4 пайыз) және құрылыс саласында - 80 адам (11,6 пайыз) байқалады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети