2014 жылдың басынан бері Алматыға 96 мыңнан астам шетелдік азамат келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
2014 жылдың басынан бері Алматыға 96 мыңнан астам шетелдік азамат келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"Алматыдағы көші-қон полициясы басқармасы келтірген деректерге сүйенсек, жыл басынан бері Алматы қаласына 96 мың 002 шетелдік азамат ресми түрде уақытша тіркелген. Қөші-қон заңын бұзушылар да кездеседі. Жалпы алғанда 16 мыңдай азамат әкімшілік құқық бұзуға байланысты жауапқа тартылған. Олардың 6 мыңнан астамы шетелдік азаматтар, 10 мыңдайы жергілікті азаматтар", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ басқарма деректері бойынша соңғы жарты жылда 228 шетелдік Қазақстаннан қуылған және екі мыңдайы ІІД уақытша қабылдау-орналастыру бөлімдеріне жіберілген. Полиция қызметкерлері заңсыз көші-қон бойынша 26 қылмыстық іс қозғаған.
"Алайда шетелдік азаматтар еңбек мигранттарын легализациялаудың жаңа ережесіне сәйкес, Алматыға заңды түрде келіп, табыс табуды қалайды. Олар өздерінің қызметін ресми түрде көрсетеді. 12 сәуірден бері біз 2,5 мың шетелдікке осындай рұқсат бердік", - дейді Алматы қаласы ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бастығы Асхат Бүтіншінов.