29 қазан 2018 | 11:05

Жыл басынан бері елімізде 466 адам көлік қағып мерт болған - ІІМ статистикасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tvc.ru © tvc.ru

Жыл басынан бері елімізде 466 адам көлік қағып мерт болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жыл басынан бері елімізде 466 адам көлік қағып мерт болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттегілердің мәліметінше, бүгін, 29 қазанда республика бойынша "Назар аударыңыз - жаяу жүргінші!" атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізіледі. Оның негізгі мақсаты - жүргізушілердің жаяу жүргінші өткелінен өту және жаяу жүргіншілердің жүру бөлігінен өту кезінде жасайтын бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті баспасөз қызметінің қызметкері Ирина Лукьянинананың айтуынша, жаяу жүргінші - жол жүрісінен қорғансыз қатысушыларының бірі. Сондықтан олардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары көбінесе трагедияға айналады.

"Статистика бойынша Қазақстанда әрбір екінші жол-көлік оқиғасыжаяу жүргіншіні соғып кетумен байланысты болатын, бұл ретте ЖКО-да қаза тапқандардың жалпы санынан 32 пайыз және зардап шеккендердің 30 пайызы жаяу жүргіншілер екен. Жалпы жаяу жүргіншілер қатысуымен жылдын басынан бастап 4,5 мыңнан аса жол апаты тіркелген, онда 466 адам қаза тапқан және 4,8 мыңнан аса адам зардап шеккен. Осындай жол-көлік оқиғаларының 88 пайызы жүргізушілердің кінәсі. Бұл ретте жүру бөлігінен өту кезінде 74 жаяу жүргінші қаза тапқан және 1 145 адам зардап шеккен", - дейді комитеттегілер.

Комитеттегілердің мәліметінше, жедел-профилактикалық іс-шара 2 қарашаға дейін жалғасады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети