21 қазан 2015 | 11:44

Жыл басынан бері елорда халқының саны шамамен 15 мың адамға артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Astana.gov.kz © Astana.gov.kz

Бүгінде Астана қаласы халқының саны 867 790 адамды құрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде Астана қаласы халқының саны 867 790 адамды құрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық сайтына сілтеме жасап.

Соның ішінде "Алматы" ауданы бойынша - 381 470 (44 пайыз), "Есіл" ауданы бойынша - 134 472 (15,5 пайыз), "Сарыарқа" ауданы бойынша - 351 848 (40,5 пайыз) адамды құрады.

Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылдың басымен салыстырғанда Астана қаласы халқының жалпы саны 14 908 адамға, соның ішінде "Алматы" ауданы бойынша - 1616 адамға, "Есіл" ауданы бойынша - 7644 адамға, "Сарыарқа" ауданы бойынша - 5648 адамға көбейді.

Жыл басынан бері халықтың табиғи өсімі 14 523 адамды, көші-қон өсімі 385 адамды құрады.

"Астана қаласы бойынша осы жылы жалпы алғанда 17 129 туылғандар тіркелді, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,9 пайызға көп. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 7,5 пайызға артып, 14523 адамды құрады", - делінген хабарламада. Жыл басынан бері АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,4 пайызға азайды, ажырасулар саны 8,9 пайызға өсті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети