03 мамыр 2023 11:42

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

2023 жылдың басынан бері алты мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.


2023 жылдың басынан бері алты мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 6144 этникалық қазақ тарихи Отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 112,6 мың этникалық қазақ оралды.

"Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (53,9 пайызы) Өзбекстаннан, 19,1 пайызы Қытайдан, 12,1 пайызы Ресейден, 5,6 пайызы Түрікменстаннан, 5,7 пайызы Моңғолиядан және 1 пайызы басқа елдерден келгендер", - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан хабарламада.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,2 пайыз), Маңғыстау (13,8 пайыз), Түркістан (6,4 пайыз), Жамбыл (5,1 пайыз) облыстарына, сондай-ақ Астана (11 пайыз), Алматы (8,8 пайыз), Шымкент (7,1 пайыз) қалаларына қоныстанған.

Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке жарамды жастағы этникалық көшіп-қонушылардың саны 68,8 пайызды құраса, 22,9 пайызы еңбекке жарамды жастан кіші адамдар, 8,3 пайызы зейнеткерлер.

Еңбекке жарамды жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша 18 пайызы жоғары, 38,6 пайызы арнаулы орта, 37,4 пайызы жалпы орта білімі бар, 5,9 пайызы білімі жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети