2017 жылдың 7 қаңтарынан 29 наурызына дейін 690 917 қазақстандық уақытша тіркеуге тұрған, - делінген ІІМ-нің баспасөз қызметінің Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында. Соның ішінде Астанада 135 685, ал Алматыда 168 222 адам.

ІІМ мәліметі бойынша, 2016 жылы Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша 1 020 298 адам тіркелген. Ең көп тіркелген адамдар - Алматыда - 128 124, ОҚО-да - 126 798 және Астанада - 115 215.
Сонымен қатар, жыл басынан Қазақстанда қанша шетелдіктің тіркелгені белгілі болды. Республика бойынша жалпы 235 442 шетелдік тіркеуге тұрған. Ең көп тіркелгені - Алматыда - 61 330 адам , ОҚО-да - 42 965 адам және Алматы облысында - 25 193 шетелдік.
200 мың шетелдік ықтияр хат алса, 1 725 890 шетелдік Қазақстанға уақытша келген.