Жыл басынан бері Қазақстанда 234 мыңнан астам пневмония жағдайы тіркелген. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей ЦОй пневмония және коронавирус бойынша статистиканы біріктіру туралы айтқанда мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2020 жылдың 1 қаңтарынан 15 шілдесіне дейін 234 187 пневмония жағдайы тіркелген. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тіркелген ауру оқиғаларының саны 3,3 есеге артты", - деп хабарлады Цой ОКҚ брифингінде.
Ол аталған мәлімет пневмонияның барлық түрімен сырқаттанғандарға қатысты екенін атап өтті. Олардың ішінде әртүрлі қоздырғыштардан туындаған бактериялық - стафилококк, стрептококк, пневмококк, клепсиел және басқа да көптеген бактерия мен саңырауқұлақтар.
Сондай-ақ, статистикаға нақтыланған қоздырғышы бар - аденовирус, риновирус, сондай-ақ парагрип және басқа да жақсы зерттелген вирустардан туындаған пневмониялар енгізілген.
Статистикада қоздырғышы анықталмаған пневмония жағдайлары да бар, бұл ретте COVID-ке ұқсас пневмониялар да кіреді.
"Бірінші жартыжылдықта пневмониядан болатын өлім-жітім деңгейі өткен жылдың ұқсас кезеңімен бірдей болды, бірақ маусымның соңында өсу үрдісі байқалды. Осы кезеңдегі барлық дерлік өлім - карантин енгізілгенге дейінгі кезеңде тіркелген жағдайлар", - деп нақтылады Цой.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!