Жыл басынан бері 7,4 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Жыл басынан бері 7,4 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
"2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 7 415 этникалық қазақ тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 95,3 мың этникалық қазақ оралды", - делінген хабарламада.
Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (70,2 пайыз) Өзбекстаннан, 10,4 пайызы - Қытайдан, 7,4 пайызы - Түрікменстаннан, 3,2 пайызы - Моңғолиядан және 8,8 пайызы басқа елдерден қоныс аударғаны айтылды.
Этникалық қазақтар негізінен мына өңірлерге қоныстанған:
- Алматы облысы (31,6 пайыз),
- Маңғыстау облысы (18,3 пайыз),
- Түркістан облысы (9,8 пайыз)
- Жамбыл облысы (6,3 пайыз),
- Алматы (5,7 пайыз),
- Нұр-Сұлтан (7,1 пайыз),
- Шымкент (8,1 пайыз)7.
Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны - 62 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар саны - 24,1 пайыз және зейнеткерлер саны - 13,9 пайыз.
Ведомство мәліметінше, еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,4 пайызы жоғары білімді, 40,3 пайызы орта кәсіби білімді, 47 пайызы жалпы орта білімді және 1,6 пайызының білімі жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!