Жыл басынан бері Қазақстанға қанша қандас оралды?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл басынан бері Қазақстанға қанша қандас оралды? Фото:gov.kz

2023 жылдың басынан бері 8 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2023 жылдың басынан бері 8 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, 8 034 этникалық қазақ тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 115,1 мың этникалық қазақ оралды.

"Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (54,2 пайыз) Өзбекстаннан, 20,1 пайыз – Қытайдан, 11 пайыз – Ресейден, 6,4 пайыз – Моңғолиядан, 4,9 пайыз – Түрікменстаннан және 3,3 пайыз басқа елдерден.

Елімізге келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,8 пайыз), Маңғыстау (12,8 пайыз), Түркістан (6,4 пайыз) және Жамбыл (4,8 пайыз) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,7 пайыз), Алматы (8,8 пайыз) және Шымкент (7,1 пайыз) қалаларына қоныстанды", - делінген хабарламада.

1 маусымдағы жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 67,5 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші 23,8 пайыз және зейнеткерлер 8,7 пайыз болады.

"Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,3 пайызы жоғары білімді, 37 пайызы орта кәсіби білімді, 38,4 пайызы жалпы орта білімді және 7,3 пайызының білімі жоқ", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети