Статистика комитетінің өкілдері жыл басынан бері Қазақстаннан қанша адам көшіп кеткенін айтты. Ведомство мәліметінше, 2020 жылдың қаңтарынан қыркүйекке дейін Қазақстаннан студенттік визамен немесе толыққанды көшу мақсатында 21 069 адам кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Салыстырмалы түрде, 2019 жылы осы мерзімде Қазақстаннан 34 198 адам кеткен болатын.
Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, пандемияның бірінші айында - наурызда Қазақстаннан 1936 адам кеткен.
2020 жылы көші-қонның шарықтау шегі тамызда болды. Сол кезде елден 3479 адам кетіп қалған. Ал 2019 жылдың тамызында түрлі себеппен Қазақстаннан 5529 адам қоныс аударған еді.
Қазақстандықтар көбінесе Қарағанды облысынан кетеді. 2020 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін облыстан 3069 адам қоныс аударған.
Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы тұр. Ол жақтан 3007 адам шетелге көшкен.
Қызылорда облысы - тұрғындары шетелге ең аз кеткен аймақ. Қаңтардан қыркүйекке дейін облыстан 39 адам көшкен.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтаннан 1043 адам, Алматыдан 1917 адам, Шымкенттен 317 адам қоныс аударған.
2019 жылы Шығыс Қазақстан облысынан 5383 адам, Қарағанды облысынан 4831 адам, Қостанай облысынан 4739 адам көшкен еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!