23 ақпан 2022 | 12:24

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 27 миллиард теңгеге жәрдемақы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 27 миллиард теңгеге жәрдемақы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылы қаңтарда көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 27 миллиард теңге болды. Орта есеппен 487,6 мың отбасы қамтылды.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

"Төлем мөлшері бала санына байланысты төленеді және 2022 жылы 49 100 теңге (4 бала), 61 383 теңге (5 бала), 73 666 (6 бала) теңге, 85 948 теңге (7 бала), 8 балаға 98 016 теңге, 9 балаға 110 268 теңге, 10 балаға 122 520 теңге, 11 балаға 134 772 теңге, 12 балаға 147 024 теңге, 13 балаға 159 276 теңге, 14 балаға 171 528 теңге, 15 балаға 183 780 теңге, 16 балаға 196 032 теңге немесе әр балаға 12 252 теңге болды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа механизмінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын. Бұл жәрдемақы олардың кірістерін есепке алмай берілетіні айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети