26 маусым 2017 | 17:37

Жыл сайын 40 мың қазақстандық 10 сотық жер алып отырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Jas.kz © Jas.kz

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 10 жылда 1,5 миллион баспана салу керектігін мәлімдеді, - деп хабарлайды abctv.kz телеарнасына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 10 жылда 1,5 миллион баспана салу керектігін мәлімдеді, - деп хабарлайды abctv.kz телеарнасына сілтеме жасап. 

Алдағы 15 жылда сатып алынбайтын жалға берілетін баспана салуға жыл сайын 25 миллион теңге бөлініп отырады. Мұндай баспана құны шаршы метріне 100 теңге болады. Мұндай жеңілдік қарастырылған баспаналар әлеуметтік әлсіз топтағы адамдарға беріледі.

Екінші бағыт "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ жүйесі арқылы кредиттік баспанамен қамту, соның ішінде, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен әскерилерді. Мұндай кредиттердің өсімі 4-5 пайыз ғана болады. 

Мұндай баспаналар құны аймақтарда шаршы метріне 140 мың теңге болады. Астана, Алматы және Ақтауда баспана құны шаршы метріне 180 мың теңге болады. Мұндай баспанаға ие болу үшін 30 пайыз алғашқы жарнаңыз болуы керек. 

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" салымшыларына Алматы мен Астанада тіркеуде болу мерзімі екі жыл, ал кезекте тұрғандарға үш жыл. Соңғы бес жылда баспанасы болмаған адамдар осындай пәтерге ие бола алады", - дейді Жайымбетов. 

Үшінші бағыт ипотека болады. Үкімет 10 пайыздан асқанына субсидия бөледі. Екінші деңгейлі банктер Ұлттық банктің негізігі мөлшерлемесі бойынша кредит береді. Сонымен 16-17 пайыздай шығады. 7 пайызға дейін ипотека алушыларға мемлекет субсидия бөледі. Мұндағы шарт Астана мен Алматыдағы баспана бағасы 20 миллионнан, ал аймақтарда 15 миллионнан аспауы керек. 

Келесі бағыт - құрылысшыларға кредит беру. Мұнда бекітілген баға Астана мен Алматыда шаршы метіріне 260 мың, аймақтарда - 220 мың теңге болады. 

Бесінші және негізгі бағыт - жеке баспана құрылысы. Мемлекет жеке құрылыс жүргізетін аудандардың инфрақұрылымын жасайды, бұған жыл сайын 40 миллиард теңге бөлінеді. 

"Жыл сайын 40 мың жер телімін беруді жоспарлап отырмыз, 15 жылда 600 мың жер телімі беріледі. Кезекте тұрғандар 10 сотықтан алады. Шаршы метіріне 120 мың теңгеден коттедж қалашықтары салынады, облыс орталықтары ауылға ұқсап кетпес үшін", - дейді Мархабат Жайымбетов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети