"Жыламайды, күліп қояды". Алматыдағы айналма тасжол аумағынан сәби табылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыдағы Үлкен Алматы айналма жолы аумағына әлдекімдер кішкентай қызды тастап кеткен. Сәби арбада болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Үлкен Алматы айналма жолы аумағына әлдекімдер кішкентай қызды тастап кеткен. Сәби арбада болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәби Үлкен Алматы айналма жолының бесінші шақырымынан табылды. Табылған баланың видеосы TikTok-та тарады.

"Далада кіп-кішкентай баланы қалдырып кеткен ғой. Құдайдан қорықпайды. Жұмыс жақтан келе жатқанбыз. Бір сағаттан бері жүрміз. Ешкім жоқ. Не істесек болады? Жыламайды өзі, күліп қояды. Ешбір құжаты да жоқ, ми далада қалай қорықпайды?", - дейді видео авторы.

@kyn.kz_

Ерлі-зайыпты ми далада коляскасында отырған кішкентай сәбиді тауып алды. Олар оқиғаны түгел видеоға түсірген. Балақай мүлде жыламаған.

♬ оригинальный звук - KYN.KZ

Алматы облысының полиция департаменті 15 мамыр күні сағат 10:08 шамасында кәмелетке толмаған баланың табылғаны туралы хабарлама түскенін хабарлады.

"Бұл ақпарат Қарасай аудандық полициясында тіркелді. Бұл фактіні тексеру барысында оқиға орнына дереу полиция жасағы жөнелтіліп, көп ұзамай баланың анасы анықталды.

Полиция қызметкерлері әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Ата-аналармен түсіндірме сипаттағы профилактикалық әңгіме жүргізіліп, олар ҚР Қылмыстық кодексінің және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптары таныстырылды", - деп хабарлады ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro