Жылдамдықты шектеу: Алматыда қай жерлерге жаңа "Сергек" орнатылды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жылдамдықты шектеу: Алматыда қай жерлерге жаңа "Сергек" орнатылды? Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Медеу - Шымбұлақ жолында 4 "Сергек" камерасы орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Медеу - Шымбұлақ жолында 4 "Сергек" камерасы орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Алматыда Медеу-Шымбұлақ автожолында жылдамдығы 40 км/сағатқа шектелген "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенінің 4 камерасы орнатылған. Олар Медеу биік таулы мұз айдынының шлагбаумынан Шымбұлақ тау шаңғысы курортына дейінгі ұзындығы 7 шақырым учаскеде орналасқан.

"Бұл жаяу жүргіншілер ағынының және көрсетілген бағыт бойынша жүретін электромобильдер санының артуына байланысты адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Жол қозғалысы ережелерін тіркеу биыл 1 желтоқсанынан басталады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети