"Жылдар бойы үнсіз болды" - Тоқаев әлеуметтік желідегі қауесеттер мен фейктер туралы айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қасым-Жомарт Тоқаев жылдар бойы үнсіз болған, саясатпен айналысып жүрген кейбір адамдар неше түрлі қауесет таратып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев жылдар бойы үнсіз болған, саясатпен айналысып жүрген кейбір адамдар неше түрлі қауесет таратып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент партия белсенділері заманауи ақпарат құралдарын пайдаланып, саясатты жан-жақты түсіндіруі керек екенін айтты. 

"Жылдар бойы үнсіз болған, саясатпен айналысып жүрген кейбір адамдар, қазіргі жылымықты пайдаланып әлеуметтік желіге жаппай шыға бастады. Олар ақпараттық кеңістікті жаулап алды десе болады. 

Неше түрлі қауесеттер, жалған ақпарат тарап жатыр. Мұндай ахуал елді адастыруы мүмкін. Ашығын айтсақ, біздің жоспарларымызды, қолға алып жатқан іс-шараларымызды көбі біле бермейді. Партия белсенділері заманауи ақпарат құралдарын пайдаланып, саясатымызды жан-жақты түсіндіруі керек", - деді ол Nur Otan (Amanat) партиясының кезектен тыс съезінде. 

Тоқаев ол үшін ең басты құндылық - Қазақстанның тәуелсіздігі екенін және Мемлекет басшысы ретінде еліміздің қауіпсіздігі мен халқымыздың амандығын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.   

Бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елмен бірге партия жаңаруы керек екенін, ендеше оның атауы да өзгеруі қажет деп айтқан болатын.

Президент XXII съезді шақыру туралы шешімді 18 ақпанда қабылдаған болатын. Оған бүкіл аймақтардың делегаттары қатысты. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды. 

Еске салайық, былтыр қарашада саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім шығарды. Ол партияны ел Президенті басқаруы тиіс екенін айтты. 28 қаңтарда Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды.

Ақпанда Президент партия жұмысын жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды. Оның айтуынша, ел азаматтарының талап-тілектеріне толық жауап беруі үшін партияны жүйелі түрде қайта құру қажет. Сондай-ақ партия заманауи сын-қатерлерге төтеп беруге  және жедел әрекет етуге тиіс. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro