"Жылқы зәрінен". Атырау облысында әкім балық неден қырылғанын айтты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жылқы зәрінен". Атырау облысында әкім балық неден қырылғанын айтты Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев. © azh.kz

Атырау облысы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев өңірде балықтың қырылу себептерінің бірі жылқы зәрі болуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев өңірде балықтың қырылу себептерінің бірі жылқы зәрі болуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

10 маусымда Қызылқоға ауданы Сағыз ауылынан екі шақырым жерде балық қырылып жатқаны жөнінде дабыл түскен. Өлі балықтар Ноғайты өзенінің Сағыз өзеніне құятын тұсынан табылды.

"Бұл дерек маусымның 10-на қараған түні анықталды. Біз дер кезінде бардық, облыстан да арнайы комиссия келді. Қаракөз және қызылқанат балықтарының шабақтары екі өзеннің құяр аумағында өлген. Өзіміздің жобалауымызша, бөлініп қалған суда жылқының зәрінен немесе қой тоғытудың салдарынан ауа жетпей өлуі мүмкін деп отырмыз", - дейді Қызылқоға ауданы әкімі Нұрсұлтан Бисембиев. 

Өлген балық пен судың сынамасы облыстық ветеринариялық зертханаға тапсырылды. Тексеру қорытындысы белгілі болғаннан кейін қосымша ақпарат хабарланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети