19 ақпан 2014 14:04

Жылу есептеу қондырғысын орнату биыл аяқталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Мансұр Хамит ©Мансұр Хамит

Биыл Астана қаласының барлық тұрғын үй қорына жылу есептеу қондырғысын орнату толық аяқталады деп хабарлайды Tengrinews.kz Иманғали Тасмағамбетовке сілтеме жасап. "2013 жылы қаладағы барлық әлеуметік нысандар жүз пайызға есептеу аспаптарымен жабдықталды. Ал тұрғын үйлерге арналған жылу энергиясын есептеу құралы қала бойынша 1154 үйге, яғни 75 пайызға орындалған. Биылғы жылдың соңына дейін барлық үйлерді жылу есептегіш құралдарымен қамтысақ, жылу қуатын әр шаршы метріне 35 теңгеден үнемдеуге болады", - деді әкім. Жалпы, жылу қуатын есептеу құрылғылары мен оны тұтынуды реттеу жүйесін жаппай енгізу 2013-2015 жылдардағы Астана қаласының қуат үнемдеу туралы кешенді жоспарына еніп отыр. Сонымен бірге, ұзындығы 18 шақырымды құрайтын магистральды жылу құбырларын қайту жөндеу жұмыстары толық аяқталмақшы. "Келер жылы жалпы ұзындығы 21,5 шақырымға жететін бесінші жылу магистралін салу жұмыстарын бастаймыз. Ол бізге қаланың солтүстік-батысы мен оңтүстік-батысын, "ЭКСПО-2017" алаңын жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек", - деді есеп беру кезінде қала әкімі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети