Жылыту маусымының қай күні аяқталатыны анықталды

02 Сәуір 2014, 12:05
0
Жылыту маусымының қай күні аяқталатыны анықталды - ©Марат Әбілов
©Марат Әбілов

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті елімізде жылу беруді тоқтату мерзімін жария етті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитет төрағасының орынбасары Несіпқұл Бертісбаевқа сілтеме жасап.

"Ауа райы қолайлы болса, жылыту маусымын Жамбыл облысында 7 сәуірде, Алматыда 8 сәуірде, Павлодар, Ақтөбе, облыстарында 10 сәуірде, Астанада және Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында 15 сәуірде, Ақмола облысында 20 сәуірде, Қостанай облысында 9 мамырда аяқтау жоспарланып отыр", - деді ол.

Шымкентте және Кентауда жылу беру маусымы қазірдің өзінде тоқтатылған. Бұған қоса, Несіпқұл Бертісбаев заң бойынша өңірлердің жекелеген аумақтарында сыртқы ауаның орташа температурасы 3-5 тәулік ішінде 8 градустан жоғары болған жағдайда жылу беру маусымы жергілікті атқарушы органның шешімімен аяқталатынын түсіндірді.

Еске салайық, жуырда Семей қаласының тұрғындары пәтерлерде шамадан тыс ыстық болып кеткенін айтып, қаланың жылу қазандықтарынан жылу беруді азайтуды сұраған болатын.

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай