“Жынды сияқты көрінді“: Алматы тұрғыны қызды ұрлау оқиғасы туралы айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Midjourney Midjourney

Алматы тұрғыны Назугум TikTok-қа эмоционалды видео жариялап, жаттығудан кейін үйіне қайтып бара жатқанда қыздың айғайын естігенін жеткізді. Дауыс шыққан жаққа жүгіріп барғанда, белгісіз біреудің қызды көлікке күштеп отырғызуға тырысып жатқанын көрген. Бұл резонанс тудырған оқиғаға Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғыны Назугум TikTok-қа эмоционалды видео жариялап, жаттығудан кейін үйіне қайтып бара жатқанда қыздың айғайын естігенін жеткізді. Дауыс шыққан жаққа жүгіріп барғанда, белгісіз біреудің қызды көлікке күштеп отырғызуға тырысып жатқанын көрген. Бұл резонанс тудырған оқиғаға Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қыздың айқайлап: "Көмектесіңіздерші, өтінемін, кім бар!" деп жатқанын естідім. Кейінірек белгісіз ер адамның оны күштеп көлікке отырғызуға тырысып жатқанын көрдім. Сол сәтте бар күшіммен қызға қарай жүгірдім. Оның көліктен шығуға тырысқанын көрдім, бірақ шыға алмады. Мен жеткенде, ол есінен танып қалған сияқты болды, өйткені ол тынышталып қалды. Сол сәтте тағы бір әйел жүгіріп келді, ол көліктің есігін ашуға тырысты. Бірақ есіктер жабық болды. Барлығы өте тез болып кетті", – деп бөлісті Назугум.

Назугумнің айтуынша, жүгіріп келген әйел жүргізушінің кетіп қалуына жол бермеуге тырысып, есігін ашуға кедергі болған. Бірақ ер адам оны итеріп жіберген.

"Ол жынды сияқты көрінді. Көлікпен кетіп қалды. Мен көліктің нөмірін, түсін, маркасын, ер адам мен қыздың сырт келбетін есіме сақтап қалдым. Полицияға хабарласып, барлығын түсіндірдім. Шамамен үш минут ішінде полиция қызметкерлері келді. Көлікті күткенде уақыт үш жылға созылғандай көрінді. Мен қыздың аман болуын қатты тіледім. Полиция келгенде, мен олармен бірге көлікке отырып, тез арада оларды қуып кеттік. Полиция қызметкерлерімен байланыста болған көптеген адамдар көліктің орналасқан жерін қадағалап отырды", – деп әңгімесін жалғастырды ол.

Назугумнің айтуынша, шамамен 10-15 минуттан кейін онымен бірге келе жатқан полиция қызметкерлері көліктің ұсталғаны туралы хабар алған.

"Қыз құтқарылған сияқты. Оның жағдайын білмеймін. Маған өз деректерімді қалдырып кеттім, байланысқа шығатындарын айтты. Кейін мені үйге қайтарды", – деді ол.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға пікір білдірді.

"8 қаңтарда 102 пультіне қызды ұрлап кету ықтималдығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірнеше патрульдік полиция экипажы жіберіліп, куәгерлердің белсенді көмегімен көлік ұсталды. Оқиғаға қатысушылар Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Тексеру барысында қыз жігітіне шағымы жоқ екенін, олардың арасында тек ұрыс болғанын айтып, арыз жазудан бас тартты", – деп хабарлады полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer