25 тамыз 2020 | 13:40

Жыныстық тәрбие оқулықтары пайда болатыны хабарланды - Баспа өкілі түсінік берді

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан мектептерінде жыныстық тәрбие оқулықтары пайда болатыны туралы хабарламалар тарап жатыр, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мектептерінде жыныстық тәрбие оқулықтары пайда болатыны туралы хабарламалар тарап жатыр, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Бұл хабарламалар таяуда әлеуметтік желілерде тарала бастады. Хабарлама авторлары қазақстандықтарды осы мәселе бойынша сайт арқылы дауыс беруге шақырған. 

Реклама
Реклама

Дереккөзге сүйенсек, іс жүзінде бұл суреттер Ресейде 2010 жылы жарық көрген "Мен қалай дүниеге келдім" кітабынан алынған. Оның қазақстандық білім беру жүйесіне еш қатысы жоқ болып шықты.

Stopfake мамандары осыны нақтылау үшін "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығымен байланысқа шыққан.

"Жазбада көрсетілген кітаптың қазақстандық оқулықтарға ешқандай қатысы жоқ. Оған қоса, Қазақстан мектептерінде жыныстық тәрбие сабағы жоқ. Мектеп оқулықтарының мазмұны БҒМ бекіткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және үлгілік оқу жоспарларына, сондай-ақ, әрбір пән бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес дайындалады. Бұл құжаттарда жыныстық тәрбие туралы пән жоқ", - деп түсіндірді орталық директоры Ғани Бейсембаев.

Ол оқулықтар мектеп бағдарламасына енгізілмес бұрын, мазмұны бірнеше кезеңнен тұратын емтихандар мен сынақтардан өтіп, тексерілетінін айтты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная