Қабанбай батыр қайда жерленгені анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қабанбай батыр қайда жерленгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қабанбай батыр қайда жерленгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ұлы қолбасшының 330 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.

Қатысушылар зерттеуші Серікбосын Сайдағалидың сөзіне сілтеме жасап, XVIII ғасыр картасында Ресейдің географиялық аймағы бейнеленгенін айтады. Онда Қабанбай батыр кейінгі жылдары өмір сүрген және жерленген деген ұлыс көрсетілген. Батырдың шын аты Ерасыл екені белгілі. Ерлігі мен батырлығы үшін ел оны Қабанбай батыр атаған. Абылай хан заманында оның дарабоз батыр даңқы шыққан. Ол 15 жасында жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті. Ғылыми ортада Қабанбай батырдың жерленген жері туралы бірнеше нұсқалар бар. Біреулер оны Астанадан 30 шақырым жерде, енді біреулер Қызылорданың тұсында жерленген дейді. Тіпті, оның бейіті Қытайда дейтіндер де табылады. Ал батырдың сегізінші ұрпағының өз уәжі бар.

"Мен - Қабанбай батырдың тікелей ұрпағымын, сегізінші буын өкілімін. Сондықтан мен нақты білемін. Біздің ата-бабамыздан, ауыздан ауызға тараған дерек бойынша батырдың жатқан жері Шығыста - Алакөлдің жоғарғы жағасы, Жоңғар қақпасының сол жағында. Атақты батыр 103 рет шайқасқа қатысып, үнемі жеңіске жеткен. Соңғы жекпе-жекке 78 жасында, қайтыс боларының алдында шыққан", - деді Қабанбай батырдың ұрпағы Ұлықпан Сыдықов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro