03 сәуір 2014 18:26

Қабиболла Жақыпов - Мәжілістің жаңа төрағасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қабиболла Жақыпов. Фото Жанкелді Қаржан Қабиболла Жақыпов. Фото Жанкелді Қаржан

Қабиболла Жақыпов Парламент Мәжілісінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қабиболла Жақыпов Парламент Мәжілісінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Пленарлық отырыста депутаттар бір ауыздан бұған дейін вице-спикер болған Қабиболла Жақыповты төраға етіп сайлады. Отырысқа қатысқан 104 депутаттың ішінен тек біреуі ғана қарсы дауыс берді. Мәжіліс төрағалығына кандидаттарды ұсыну кезінде Қабиболла Жақыповтан өзге үміткер болған жоқ.

Ал "Ақжол" партиясының жетекшісі Азат Перуашев өздерінің арасынан да үміткер ұсынуға болатынын атады. Өз кезегінде коммунистік партияның өкілі Владислав Косарев жаңа төраға туралы "Ол өте тура, тепе-теңдікті сақтайтын және тұрақты адам" деп оң баға берді. Сонымен қатар, халық қалаулылары экс-төраға Нұрлан Нығматулинге атқарған табысты еңбегі үшін рахмет айтып, жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтады.

"Бізге сізбен бірге жұмыс істеу шығармашылық тұрғыдан өте қызықты", - деді Қуаныш Сұлтанов. Бұрынғы басшы ретінде Н.Нығматулинді депутаттар тік тұрып шығарып салды. Өз сөзінде Нұрлан Зайроллаұлы әріптестері мен Мемлекет басшысына алғысын білдірді.

Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік мәдени даму комитетінің төрайымы болған Дариға Назарбаева "Нұр Отан" партиясы фракциясының жетекшісі әрі төраға орынбасары болып тағайындалды.

Айта кетелік, Дариға Нұрсұлтанқызы  Мәжіліс төрағасының орынбасары лауазымына алғашқы әйел депутат.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети