Қадырхан Отаров Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қадырхан Отаров Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Ең алдымен Отаров Қадырхан Махмұтұлын Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалуымен құттықтауға рұқсат етіңіздер. 22 қазан күнгі өкімге қол қойдым. Келешекте Сізбен өңір игілігі үшін нәтижелі еңбек атқарамыз деп үміттенемін", - деді облыс әкімі Сергей Кулагин өңірде өткен кеңес барысында.
Отаров 2014 жылдың маусымынан бастап облыс әкімінің орынбасары лауазымында болған. Оған дейін - 2012 жылдың қаңтарынан бастап ол ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы қызметін атқарды. Кейін Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болды.
Ол еңбек жолын 1975 жылы Ақтөбе облысында зоотехник-селекционер болып бастады. Бас зоотехниктен Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы лауазымына дейін жоғарылады. 1994 жылдың мамырында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі, 1999 жылдың қарашасында Ақмола облысы әкімінің орынбасары, 2010 жылдың сәуірінде облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.