Кафеде жанжал шығарған депутаттың видеосы Желіде тарап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кафеде жанжал шығарған депутаттың видеосы Желіде тарап жатыр Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желілерде мас ер адам қоғамдық орында байбалам салып жатқан видео тарады. Оның сипаттамасында депутат Бекболат Шканов кафеде өзін дөрекі ұстап, кафе қызметкерлерін қорқытып, жанжал шығарғаны жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде мас ер адам қоғамдық орында байбалам салып жатқан видео тарады. Оның сипаттамасында депутат Бекболат Шканов кафеде өзін дөрекі ұстап, кафе қызметкерлерін қорқытып, жанжал шығарғаны жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео 2021 жылы түсірілгені белгілі болды. Кадрларда шынымен Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының депутаты Бекболат Шканов. Ер адам Amanat партиясының мүшесі, сондай-ақ ірі жол-құрылыс компаниясын басқарады.

Бекболат Шкановтың өзі де видеоға түсінік берді.

"Оқиға былтыр кафеде болды, онда менің аяғымды сындырды. Қылмыстық іс қозғалып, кейін тоқтатылды. Қазір менің адвокатым тергеуді қайта бастауға тырысып жатыр. Бұл видеоны осы мекемеде жұмыс істейтін жігіт таратып жатыр. Олар тек резонанс жасағысы келеді. Полицияда бұл кадрлар бар. Бейне бірнеше рет жөнделген. Олар мен депутат болғандықтан қорқытып жүр. Мен өз орнымды ұстап қалуға тырыспаймын, депутаттық лауазымымды қалдыра да аламын", - деді Бекболат Шканов.

БҚО полиция департаменті бұл оқиғаның 2021 жылы болғанын растады. Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. Зерттеу нысаны - жарияланған видео. Полиция оны таратушылар жауапқа тартылуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети