ҚАЖК Ақмола облысында сотталғанды азаптаған видеоға пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚАЖК Ақмола облысында сотталғанды азаптаған видеоға пікір білдірді Видео кадрлары

Қылмыстық атқару жүйесі (ҚАЖ) комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов Ақмола облысындағы мекемелердің бірінде сотталғанер адамның азапталғаны түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қылмыстық атқару жүйесі (ҚАЖ) комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов Ақмола облысындағы мекемелердің бірінде сотталғанер адамның азапталғаны түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитет төрағасының айтуынша, қарамағындағылар қызметтік бабын асыра пайдаланған.

"Біз видеоны мұқият қарап шықтық, бірінші орынбасар мен қызметкерлерім сол жерге барды. Менің ойымша, видеодағылар қызметтік бабын асыра пайдаланған. Видеода сотталғандардың қатты қарсылық көрсетпеген. Ерегіс болған, заң талаптарын орындалмаған. Мұндай жағдайларда арнайы құралдар мен күш қолданылмайды. Біздің ойымызша, олардың заң талаптарына бағынбауын бейнетіркегішке жазылып, хаттама толтырылып, тәртіптік камераға отырғызу туралы қаулы шығарылу қажет болды", - деді Ешмағамбетов журналистермен кездесуінде.

Еске салайық, Желіде Ақмола облысындағы мекемелердің бірінде сотталғандарға күш пен арнайы құралдар қолданылғаны туралы видео тарады. Бұл оқиғадан кейін Ақмола облысының прокуратурасы соталды тергеуді бастады. Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысын қызметтен шеттету ұсынылды. Бұл ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдері айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети